050006, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, 8 шағын аудан, 4а үй, 4 қабат, «АБАЙ»

Әлеуметтік саясат

Компания көптеген жылдар бойы қызметкерлерінің әл-ауқатына қамқорлық жасап, өзі жұмыс істейтін өңірлердің ұйымдарымен және тұрғындарымен ынтымақтаса отырып, белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп келеді.

Компания қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қызметтер пакетін ұсынады, бірақ олармен шектелмейді:

  • жеке үстемеақылар, жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақылар және еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақылар;
  • еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы;
  • бала туған кезде немесе жақын туыстарынан айырылған жағдайда материалдық көмек;
  • қазақстандық персоналға ынталандыру үстемеақылары;
  • вахта кезінде қызметкерлерді тегін тұру және тамақтанумен қамтамасыз ету;
  • вахта кезінде ауысымаралық демалыс орындарынан жұмыс орнына және кері қарай күнделікті жеткізу;
  • вахтааралық демалыс кезінде тұрақты тұратын жеріне дейінгі жол ақысын төлеу;
  • жыл сайынғы тегін медициналық тексеру;
  • персоналды жыл сайын вакцинациялау.

Өңірлерде тікелей құрылыс жүргізген кезде Компания өз қызметкерлері мен қосалқы мердігер ұйымдар қызметкерлерінің жайлы тұру жағдайларына ерекше көңіл бөледі. Уақытша құрылысшылар вахталық лагерьлері жайлы тұратын орындармен, асханалармен және демалыс орындарымен жабдықталады.

Қазіргі уақытта Компанияның Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан, 330 тұрғын орны және 500 адамға арналған асханасы бар «ТЕҢІЗ» вахталық кенті бар.

Әртүрлі қоғамдық қорлар мен ұйымдарға қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету Компания үшін дәстүрге айналды:

• Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы;

• «Құқықтық тәртіп» қоғамдық қоры;

• «КӨМЕК» кеңсесі жанындағы Ардагерлер кеңесі;

• Атырау облыстық мүгедектер қоғамы;

• «Ковчег» балалар үйі;

• Қазақстан студенттік жасақтарының штабы;

• Көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин шығармаларының толық жинағын шығаруға көмек.