Компанияның жобалау қызметі ГСЛ № 000021, I санатты мемлекеттік лицензиясына, жобалау жұмыстарын орындау үшін жоғары техникалық білімі бар инженерлік қызметкерлер штатына, сондай-ақ қажетті техникалық жарақтандыруға, бағдарламалық қамтамасыз етуге және ҚР нормативтік базасына, қажетті халықаралық стандарттарға негізделген.
Бұл ресурстар Компанияға өз күшімен жобалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды жобалау.
- Негіздер мен іргетастарды, бетон және темірбетон конструкцияларын құрылыстық жобалау.
- Жылыту, желдету, ауа баптау ішкі және сыртқы жүйелерін; ыстық/суық сумен жабдықтау және кәрі кету жүйелерін; радиофикация, телефондандыру, өрт-күзет және күзет жүйелерін; бақылау-өлшеу аспаптарын қоса алғанда технологиялық процестерді автоматтандыруды; электр жарықтандыру, электрмен жабдықтау жүйелерін; магистральдық мұнай құбырларын, газ құбырларын; металл конструкцияларды жобалау.
- Еңбекті қорғау, коррозияға қарсы қорғаныс, найзағайдан қорғау, автоматика, өрт-күзет сигнализациясы, өрт сөндіру және өрттен қорғау жүйелерін орнату жөніндегі жобалардың арнайы бөлімдерін әзірлеу, сметалық құжаттаманы және құрылысты ұйымдастыру/жұмыстарды өндіру жобаларын құрастыру.
- Энергетика және өңдеу өнеркәсібі, мұнара және мачта типті құрылымдар, жергілікті байланыс желілері, радиотелекоммуникациялар, барлық санаттағы автомобиль жолдары үшін технологиялық жобалау.