050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

Әлеуметтік саясат

Көп жылдар бойы Компания белсенді әулеметтік саясатты жүргізеді. Компания өзінің жеке сәттілігі және өзінің қызметкерлерінің сәтті тіршіліктерінің қамын ойлай отырып, қызмет етіп жүрген аймақтардағы ұйымдар және тұрғындармен ынтымақтасып, оларға көңіл бөледі.

Құрылысты жүзеге асыру кезінде Компания жергілікті ресурстарды тарта отырып жаңа жұмыс орындарын ашады. Соңғы 8 жылда ҚР Атырау облысында бес қосалқы мердігер ұйымдар құрылып 3 000 аса әр түрлі мамандықтардағы адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді. Жобалардағы өте қауырт жұмыстық кезеңдерде Компаниямен жұмыстарды орындауға тартылған адамдар саны орта есеппен 9 000 жетті. 

Компания өз қызметкерлері үшін келесі әлеуметтік қызмет жиынын ұсынады, бірақ  онымен шектелмей:

  • Дербес үстемақылар, жұмыстың қорытындысы бойынша сыйлықақылар, еңбек сіңірген жылдар үшін сыйақылық марапаттар;
  • Еңбек демалысына емделу жәрдемақысы;
  • Балалы болуына және туысқандарынан айырылуына байланысты материалдық көмек;
  • Қазақстандық персоналға Көтермелеу үстемақылары;
  • Вахтада болған уақытта жұмыскерді тегін жатақпен және тамақпен қамтамасыз ету;
  • Жұмыскерлерді күнделікті жұмыс орнына, вахтааралық демалыс орындарынан және вахтада істеген уақыттарында қайта жеткізу;
  • вахтааралық демалыс уақытында тұрғылықты мекен жайға дейінгі жол ақысын төлеу;
  • әр жылы тегін медициналық тексерулерді өткізу;
  • персоналға жылсайынғы егуді жүргізу.

 

 

 

Тікелей аймақтарда құрылыс жүргізу барысында Компания өзінің персоналына және сонымен қатар қосалқы мердігер ұйымдарының персоналына жайлы жағдайда мекендеуге үлкен назар аударады. Компанияда қазіргі уақытта 1 752 орындық уақытша құрылысшылар вахталық лагері және 1 900 орындық асханасы бар.

 

 

 

ТҮРЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЛАР МЕН ҰЙЫМДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ:

  • Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы;
  • «Құқықтық тәртіп» қоғамдық қоры;

  •  «КОМЭК» кеңсесі жанындағы ардагерлер кеңесі;
  •  Атырау облыстық мүгедектер қоғамы;
  • «Ковчег» балалар үйі – мекемесі;
  • Студенттік отрядтардың қазақстандық штабы;
  • Көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің шығармаларының толық жинағын шығаруға көмек

2015 ж. 1 маусымда Ақсай қ. Халықаралық балалар қорғау күніне орай балалар жол-көлік жарақатының алдын-алу шаралары өткізілді. Осы нақты шараны дайындау мен өткізуде белсенді түрде «Монтажарнаулықұрылыс» АҚ Компаниясының қызметкерлері, жергілікті билік органдары мен КПО Ақсай қ. Жол қауіпсіздігі бөлімімен бірлесіп қатысты.

 

Құрметті демалыста жүрген өз жұмыскерлерін де Компания ұмытпайды.

Компания зейнеткерлерге ай сайын материалдық көмек көрсететін қайрылымдық қорын құрған. Бірақ Компанияның акционерлері болып келетін зейнеткерлер де, қоғамды басқаруда белсенді қатысады. Өздерінің мол тәжірибесін жас ұрпаққа тапсыра отырып, олардың ішінен көбі бүгінгі таңда кеңселерде және тікелей құрылыс алаңында қызмет атқарады.

 

БАЙЛАНЫСТАР