050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

Өндірістік әлеует, техника және жабдықтар

 

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ Алматы қ., жалпы көлемі 2,1621 гақұрайтын өндірістік  базасы  бар. 

Өндірістік базаның  ауласында  келесі нысаналар орналасқан:

  • кеңсе ғимараты - 11380 м2;
  • өндірістік жұмыс алаңы - 3840 м2;
  • қойма бөлмелері - 2400 м2.

Өндірістік база нысанасында  БӨПжА/телекоммуникация жабдықтары  үшін монтаж бұйымдары мен дайындамаларды шығарады, сол сияқты керек болған жағдайда құрылыс-монтаждау  жұмыстарын орындау үшін үлгілі  емес бұйымдар мен түйіндерді  жасайды.

Компания  қол қойылған келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан нысаналардың төңірегінде уақытша өндірістік базаларды қысқа мерзімде  тұрғызады.  

ҚР Атырау облысы Қарабатан ст. жақын жерде «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ-ның жалпы алаңы 49 995,0 м2 өндірістік базасы бар (оған қоса өндірістік базаны кеңейту үшін жоспарланған алаңы 50 000,0 м2 жер телімі бар, қазіргі кезде оны ашық үлгідегі уақытша сақтау қоймасы ретінде қолданады). 

Өндірістік базаның аумағында келесі өндірістік нысаналар орналасқан:

  • кеңсе ғимараты, алаңы 842,6 м2;
  • жасап шығару цехы, алаңы 756,0 м2;
  • металлқұралымдарды сырлау цехы, алаңы 972,0 м2;
  • темірбетон бұйымдарын дайындау цехы, алаңы 432,0 м2;
  • ашық және жабық үлгідегі қоймалық жайлар, жалпы алаңы 53 686,0 м2;
  • бетон қоспасын дайындау бойынша құрылғы, өнімділігі 60 м3/час.

2013 ж. қаңтардан бері «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ Ақсай қ. жаңа өндірістік базаның құрылысын жүргізіп жатыр. МАҚ меншігіндегі өндірістік базаның құрылысына бөлінген жер телімінің жалпы алаңы  39 700 м2 құрайды.

Өндірістік базаның аумағында келесі өндірістік нысаналарды орналастыру жоспарланған:

  • кеңсе ғимараты, алаңы  480 м2;
  • жасап шығару цехы;
  • сырлау цехы;
  • дәнекерлеушілердің оқыту сыныбы;
  • ашық және жабық үлгідегі қоймалық жайлар.

Ақтау қ. маңайында Дунга кен орнындағы құрылыс алаңның қасында «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ өндірістік базаның қажетті нысаналардың және сәйкес инфрақұрылымдардың құрылысын аяктады. Жер телімінің жалпы алаңы - 8 600м2. 

Өндірістік базаның аумағында келесі өндірістік нысаналарды орналастырылған, онымен шектелмей: 

  • оңтайлы орындалған кеңсе ғимараты, алаңы 421,3 м2;
  • ашық және жабық үлгідегі қоймалық жайлар, жалпы алаңы 3765,6 м2;
  • өндірістік аумақтар, жалпы алаңы 2513,1 м2;
  • ірілендірілген құрастыру аумағы, алаңы 900м2;
  • ELKON MOBILE MASTER-30 оңтайлы бетон зауыты, өнімділігі 30 м3/час.

Жобаларда  құрылыс-монтаждау  жұмыстарын орындау үшін Компанияда 546 бірліктен артық арнайы техника, механизмдер,  жабдықтар мен  автокөлк  баршылық

 

 

 

БАЙЛАНЫСТАР