I Санатты № 000021 МҚЛ мемлекеттік лицензия Компанияға құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрін жүзеге асыруға құқық береді. Компания саны 250 адамнан жоғары, 6 жылдан бастап 50 жылға дейін еңбек өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жауапты орындаушылар штатын пайдаланып өзіндік күштерімен берілген жұмыстарды орындайды.
Компания жұмыстарды орындау үшін қажетті құрылыс техникамен, машиналармен, жабдықтармен, арнайы бақылау-өлшеу құрылғыларымен, Қазақстан Республикасының (ҚР) нормативті құжаттарымен және халықаралық стандарттармен қамтылған. Төменде жұмыстың негізгі түрлері көрсетілген:
- Азаматтық жұмыстар, соның ішінде жер жұмыстары, арматураланған құралымдар, монолитті іргетастарды орналастыру және тағы басқалар;
- Күрделігі әртүрлі темір құралымдарды монтаждау, соның ішінде 80000 м3 көлемге дейінгі болат сыйымдылықтар, жүзіп жүретін төбе жабындысымен;
- Магистралдық және технологиялық құбырөткізілімдерді монтаждау, жабдықтың құбыр байламы, пісіруді қосқанда, бұзылмайтын бақылау, ыстықпен өңдеу және басқа да осыған қатысты амалдар. Шыныпластикалық қубыреткiзiлiмдердi монтаждау;
- Статикалық және динамикалық жабдықтарды, онымен қоса сорғыштарды, компрессорларды, көлемі 1000 м3 жоғары және салмағы 400 тн. дейін түрлі мақсаттарға арналған сыймдылықтарды, блокты қондырғыларды, жүк көтеру жабдықтарын және басқаларды монтаждау;
- Құрылыс құралымдарын, құбыр өткізілімдерді және жабдықтарды қорғау, сонымен қатар құралымдардың бетін дайындау және сырлау, жылу/суық шығармайтындай етіп қымтау, катодты/анодты қорғаныс және басқасы;
- Электрлітехникалық жұмыстар, соның ішінде арық жүйелерін орналастыру, түрлі мақсаттағы жердегі және жер асты кабелдерді, магистралды қосқанда жүргізу, барлық күрделі электрлітехникалық жабдықтарды монтаждау.
- БӨПжА жүйелері, телекоммуникациялар, өрт және газ жүйелері бойынша жұмыстар, соның ішінде кабелді және оптикалық-талшық өнімдерін монтаждау, жабдықтар мен құрылғыларды сұрыптау және монтаждау т.б.;
- ЖСКЖ жүйелерін, әртүрлі қиманың ауа ағарларын қосқанда, мамандырылған жабдықтарды және тағы басқаларды монтаждау.