Тапсырыс беруші: Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (Аджип ККО).
Бас мердігер: «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ
Құрылыс орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Батыс Ескене.
Құрылыс мерзімі: 2004-2010ж.ж.
Жұмыстар көлеміне: нақты инженерлік жобалау, материалдарды жеткізу және сыйымдылықтарды монтаждау кіреді.
ЖҰМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ КӨЛЕМІ, онымен шектелмей:
API-650 стандарты бойынша нақты жобалау:
- толық инжиниринг бойынша есептеулер;
- жұмыс сызбаларын және құжаттарды өңдеу – барлығы 6 000 құжаттан асады;
Жеткізілім:
- Құрылыс үшін барлық қажетті жабдықтар мен материалдарды жеткізу;
- Материалдарды бақылау;
- Нысанаға дейін тасымалдау;
- Жабдықтар мен материалдарды тиеу және сақтау.
24 сыйымдылықтар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары, алдынала қосу-жөндеуді қосқанда (сыйымдылықтар тізімін төмендегі кестеден қараңыз).
Келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың физикалық көлемі:
- Жер қазу жұмыстары (топырақты өңдеу және қайта төгу) – 117 430 м3;
- Бетон жұмыстары (іргетасты қондыру) – 5 530 м3;
- Сыйымдылықтардың темір құралымдарын монтаждау – 7 802 тн;
- Сырлау жұмыстары – 83 500 м2;
- Оқшаулау жұмыстары – 30 500 м2;
- Сыйымдылықтардың механикалық жабдықтарын монтаждау – 26 бірлік;
- БӨПжА жабдықтарын монтаждау – 186 бірлік;
- БӨПжА кабелін монтаждау – 12 100 м;
- Электр кабелін монтаждау – 64 500 м;
- Электротехникалық жабдықтарды монтаждау – 18 бірлік;
- Келісімшарт бойынша дайындалған тапсыру құжаттарының көлемі – 507 құжатты құрады (Механикалық аяқталудың құжаттамасы, Сапа бойынша Құжаттама, ҚР нормалары бойынша Құжаттама, Жалпы Құжаттама, алдын ала қосу-жөндеу бойынша Құжаттама, MRB және TOMM кітаптары, т.б.).
Келісімшарт бойынша жұмсалған жалпы адам-сағат саны- 5 600 000 адам/сағат.