050006, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, 8 шағын аудан, 4а үй, 4 қабат, «АБАЙ»

Өндірістік әлеует, техника және жабдықтар

«МОНТАЖСПЕЦСТРОЙ» КОМПАНИЯСЫ» АҚ ИЕЛІГІНДЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАРАБАТАН СТАНЦИЯСЫНЫҢ МАҢЫНДА ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 10 ГЕКТАР ӨНДІРІСТІК БАЗА БАР.

Өндірістік база аумағында мынадай өндірістік нысандар орналасқан:

  • кеңсе үй-жайлары — 842,6 м2;
  • префабрикация цехы — 756,0 м2;
  • металл конструкцияларын бояу цехы — 972,0 м2;
  • темірбетон бұйымдарын жасау цехы — 432,0 м2;
  • жалпы аумағы 53 686,0 м2 ашық және жабық үлгідегі қойма үй-жайлары;
  • өнімділігі 60 м3/сағат бетон қоспасын дайындау қондырғысы.

«МОНТАЖСПЕЦСТРОЙ» КОМПАНИЯСЫ» АҚ АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МАҢЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КЕНТІНДЕ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ) ӨНДІРІСТІК БАЗАҒА ИЕ. ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 4 ГЕКТАР.

Өндірістік ғимараттардың жалпы ауданы 2979,5 м2, оның ішінде:

  • 1-кеңсе — 186 м2;
  • 2-кеңсе — 190,1 м2;
  • контейнерлік үлгідегі өзге кеңсе үй-жайлары — 154 м2;
  • темірбетон бұйымдарын префабрикациялау цехы — 705,4 м2;
  • металл конструкциялары мен құбырларды префабрикациялау цехы — 793 м2;
  • құммен үрлеп тазалау цехы — 112 м2;
  • бояу цехы — 448 м2;
  • гидросынақ цехы — 208,1 м2;
  • жабық қойма — 1692 м2;
  • темірбетон бұйымдары цехы — 376,5 м2;
  • инертті материалдар қоймасы — 1815 м2;
  • материалдарды сақтауға арналған ашық алаңдар — 2500 м2;
  • Бас механик бөлімі ғимараты — 249,2 м2;
  • бетон араластыру торабы — 83,85 м2;
  • 64 орындық асхана — 301,4 м2, сондай-ақ басқа қосалқы құрылыстар.

«Монтажспецстрой» компаниясы» АҚ Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Теңіз» вахталық кентінде орналасқан жеке құрылысшылар вахталық лагеріне ие. Лагерь аумағы — 6 гектар.

Вахталық лагерь құрамына мынадай ғимараттар мен құрылыстар кіреді:

  • Әкімшілік ғимарат — 484 м2;
  • 500 адамға арналған асхана — 3038 м2;
  • 135 орындық екі қабатты жатақхана (I кезең) — 1475 м2;
  • 117 орындық екі қабатты жатақхана (II кезең) — 1735,2 м2;
  • 78 орындық екі қабатты жатақхана (II кезең) — 1576,5 м2;
  • Көкөніс қоймасы — 260 м2;
  • Қазандық — 161 м2;
  • КТПН — 82 м2;
  • Бақылау-өткізу пункті және басқа қосалқы ғимараттар.

Лагерь қоршалған, газдандырылған және тұрақты электрмен жабдықтау желісіне қосылған.

Жобаларда құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін Компанияда 1300-ден астам арнайы техника, механизм, жабдық және автокөлік бірлігі бар.