050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

Қысқаша Компания туралы

1994 жылы Қазақ ҚСР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары Министрлігінің базасында құрылған «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы көпбейінді құрылыс компанияларының бірі болып табылады және 25 жыл бойы ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға табысты қатысып келеді. Барлық жұмыстар өндірістік және басқарушылық қызметке тартылған қызметкерлердің қауіпсіз, салауатты еңбек және тұрмыс жағдайларын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып орындалады. Компанияның ISO 9001-2015, ISO 14001-2015, OHSAS 18001-2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке аттестатталған және қолданыстағы сертификаттары бар.

Біздің Тапсырыс берушілеріміздің қатарында: Agip KCO; Karachaganak Petroleum Operating B.V., NCOC b.v., Zhaikmunai LLP, Maersk Oil Kazakhstan, KAZCHROME және басқа компаниялар болып табылады. Барлық жұмыстар өндірістік және басқарушылық қызметке тартылған қызметкерлердің қауіпсіз, салауатты еңбек және тұрмыс жағдайларын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып орындалады. Компания ISO 9001-2015, ISO 14001-2015, OHSAS 18001-2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке аттестатталған және қолданыстағы сертификаттары бар.

Компания сондай - ақ өнеркәсіптік құрылыста «Толық аяқталған» ЖЗШ (EPC-turn key) жұмыстарын орындауда баға жетпес тәжірибеге ие, атап айтқанда, мынадай қызмет түрлеріне ие болып табылады: 

  • Жобалау
  • Жеткізілім
  • Құрылыс
  • Іске қосу және жөндеу алдындағы
  • Іске қосу және жөндеу

Жеке-дара, сондай-ақ белгілі шетелдік әріптестермен консорциумда Батыс Қазақстанның бөлігінде әртүрлі жерүсті және теңіз нысандарының техникалық күрделі құрылысын орындады.    

Компанияның бейіндік қызметінің негізгі бағыттарына келесі жұмыстар жатады:

  1. Жер-қазу жұмыстарын қоса алғанда, азаматтық жұмыстар, жолдар, құрама және монолитті темір-бетон құрылмалар, әртүрлі мақсаттағы ғимараттар бойынша жалпы құрылыс жұмыстары және т. б.
  2. Кәсіпшілік және технологиялық құбырларды монтаждау, жабдықтың құбыр байластыруы, болаттың әртүрлі түрлері бойынша дәнекерлеуді, бұзбай бақылауды, термоөңдеуді және өзге де ілеспе операцияларды, оның ішінде іске қосу және жөндеу алдындағы операцияларды қоса алғанда.
  3. Түрлі күрделіліктегі металл құрылмаларын, оның ішінде көлемі 80.000 м3 дейін қалқыма қақпағы бар болат сұйыққоймаларды монтаждау.
  4. Сорғыларды, компрессорларды, көлемі 1000 м3 астам және салмағы 400 тн дейінгі әртүрлі мақсаттағы сыйымдылықтарды қоса алғанда, статикалық және динамикалық жабдықты монтаждау, блокты қондырғылар, жүк көтергіш жабдық және басқалар, оның ішінде іске қосу және жөндеу алдындағы операциялар.
  5. Құрылыс құрылмалар, құбыр желілері мен жабдықтардың қорғаныш жабындарының құрылғысы, оның ішінде құрылмалардың үстіңгі бетін дайындау және бояу, жылу-салқындық оқшаулау, катодтық / анодтық қорғау және басқалар.
  6. Электротехникалық жұмыстар, оның ішінде науалық жүйелерді орнату, магистралды қоса алғанда, әртүрлі мақсаттағы жер үсті және жер асты шоғырсымдарын төсеу, кез келген күрделіліктегі электр техникалық жабдықты монтаждау, оның ішінде іске қосу және жөндеу алдындағы операциялар.
  7. БӨАжА, телекоммуникация жүйелері, өрт және газ жүйелері, оптикалық талшықты қоса алғанда, шоғырсым өнімдерін монтаждауды қоса алғанда, аспаптарды, жабдықтарды калибрлеу және монтаждау, оның ішінде іске қосу және жөндеу алдындағы операциялар бойынша жұмыстар. 

Компанияда білікті инженерлік-техникалық және 3000 адамнан астам жұмысшы қызметкерлер штаты (тұрақты құрам), жоғарыда аталған барлық жұмыстарды орындау үшін қажетті құрылыс жабдықтарының, арнайы техника мен механизмдердің паркі, Алматы қаласы мен Ақсай қаласында (Батыс Қазақстан облысы), Тенгиз аулында (Атарау облысы) толық жабдықталған өндірістік базаларына ие болып табылады.

Сонымен қатар, «Монтажарнаулықұрылыс» АҚ Компаниясы-бұл жобаларды жүзеге асырумен байланысты Тапсырыс берушінің де, Мердігердің де барлық ықтимал тәуекелдерін кепілдік арқылы өтейтін қаржылық тұрақты Компания болып табылады.

Техниканы, имараттарды және қызметкерлерді жылдың кез келген уақытында жұмысты бастау үшін еліміздің кез келген аумағына ауқымды жұмылдыру мақсатында тұрақты қолжетімді ұзақ мерзімді банктік несие желісі бар.  

Компания келесі мемлекеттік лицензияларға ие болып табылады:

МҚЛ № 000021 I санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына;

МҚЛ № 000021 I санаттағы жобалау жұмыстарына;

МҚЛ № 07938 іздестіру жұмыстарына. 

Компания туралы презентация

БАЙЛАНЫСТАР