050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

«Солтүстік алаңнан тыс ИЖҚ ұлғаю» Келісімшарты

Тапсырыс беруші: Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг  Компани Н.В. (Аджип ККО).

Бас мердігер: «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ

Құрылыс орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Батыс Ескене.

Құрылыс  мерзімі: 2005-2012 ж.ж.

Жұмыстар көлеміне: зауыттың  аумақтан тыс алаңдағы нысаналарын пайдалануға беру кезінде  жәрдем  беру  және нақты  жобалау, жеткізу  және құру, алдын ала қосып-жөндеу  кіреді.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ  НАҚТЫ  КӨЛЕМІ, онымен шектелмей:

Жобалау:

  • Құрылыс үшін дайындалған жобалау құжаттарының жалпы саны –  11 000 астам құж. (соның ішінде жұмыс сызбалары, ерекшеліктері, есептеулер және  т.б.);
  • «Күкіртті сақтау қоймасы жөнінде қоршаған ортаға әсерінің  бағасы (ҚОӘБ)»  Жобасын  әзірлеу.

Жеткізілім:
Материалдарды және жабдықтарды жеткізу жөнінде қажетті келісімшарттарды жасау, материалдарды және жабдықтарды жасау кезіндегі тексеру, алып бару, кедендік тазарту, құрылыс алаңның  аумағында жабдықтардың  сақталуы.

Құрылыс-монтаждау  жұмыстары және алдын ала қосу-жөндеу:

  • Жер қазу  жұмыстары (топырақты  өңдеу және қайта төгу) – 3 070 000 м3;
  • Бетон жұмыстары – 42 000 м3;
  • Жолдарды жайғастыру – 39 000 м2;
  • Болат құралымдарын  монтаждау (құбыр тіреуіштерін қоса) – 5 320 тн;
  • Қоршау  құралымдарын  монтаждау – 10 500 м2;
  • Құбырөткізілімдерді монтаждау, сынауды қосқанда – 148 000 диаметралды  дюймдер немесе  9 500 тн;
  • Сырлау жұмыстары – 152 000 м2;
  • Темір құралымдарды  басыңқы өрттен қорғау – 5 700 м2;
  • Оқшаулау  жұмыстары (жабдықтар, құбырөткізілімдер) – 37 000 м2;
  • Динамикалық  жабдықты монтаждау –  28 бірлік / 120 тн;
  • Статикалық  жабдықты монтаждау –  31 бірлік / 1 600 тн;
  • Сыйымдылықтарды  монтаждау – 2 бірлік / 360 тн;
  • Электр  кабелін монтаждау – 525 000 м;
  • БӨПжА кабелін және телекоммуникацияларды   монтаждау – 334 000 м;
  • оптикалық-талшық кабелін  монтаждау – 37 000 м;
  • Негізгі электротехникалық  жабдықты монтаждау – 78 бірлік / БӨПжА және Телеком – 
    5 500 бірлік.
  • Келісімшарт бойынша дайындалған тапсыру құжаттарының көлемі – 1 087  құжатты құрады (Механикалық аяқталудың құжаттамасы, Сапа бойынша Құжаттама, ҚР нормалары бойынша Құжаттама, Жалпы Құжаттама, алдын ала қосу-жөндеу бойынша Құжаттама, MRB жәнеTOMM  кітаптары, т.б.).

Келісімшарт бойынша жұмсалған жалпы адам-сағат саны- 13  000 000 астам  адам/сағат.

БАЙЛАНЫСТАР