Компанияның өндірістік және басқарушылық қызметпен айналысатын қызметкерлерінің қауіпсіз, сау жұмыс және тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету;
050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1
1994 жылы Қазақ КСР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары министрлігінің базасында құрылған «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы көпсалалы құрылыс компанияларының бірі болып табылады және 30 жыл бойы ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға табысты түрде орындап қатысып келеді. Барлық жұмыстар өндірістік және басқарушылық қызметке тартылған қызметкерлердің қауіпсіз, салауатты еңбек жағдайлары мен тұрмысын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып орындалады. Компания ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі үшін аттестатталған және қолданыстағы сертификаттары бар.
Компанияда 3000-нан астам адамнан тұратын білікті инженерлік-техникалық және жұмысшы персонал (қызметкерлер) штаты (тұрақты құрам), Алматы, Атырау, Ақсай қалаларында және Теңіз кен орнында толық жабдықталған өндірістік базалармен барлық құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті құрылыс жабдықтары, арнайы техника және механизмді паркпен жабдықталған. Сонымен қатар, «Монтажарнаулықұрылыс» АҚ-бұл жобаларды жүзеге асыруға байланысты Тапсырыс берушінің де, мердігердің де барлық ықтимал тәуекелдерін кепілдікпен жабатын қаржылық тұрақты Компания болып табылады. Жылдың кез келген уақытында жұмысты бастау үшін елдің кез келген жеріне техниканы, құрылыстарды және персоналды (қызметкерлерді) ауқымды жұмылдыру үшін тұрақты қолжетімді ұзақ мерзімді банктік кредиттік желісі бар болып табылады.
Компанияның өндірістік және басқарушылық қызметпен айналысатын қызметкерлерінің қауіпсіз, сау жұмыс және тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету;
Құрылыс және монтаждауға озық технологияларды кеңінен енгізу арқылы құрылыс менеджментін ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану;
Инвесторлармен, құрылыс қызметтері мен материалдарды жеткізушілермен өзара тиімді және ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынастарды орнату үшін айқын және «мөлдір» әрекеттерді қолдану.