050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы акционерлік қоғамы Акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы туралы

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналыстың шақырылымы туралы хабарлайды, жиналыс 2022 жылғы «29» қарашада сағат 14.00-де Алматы қ., Төле би к-сі, 291/1, 6-қабат, мәжіліс залында өтеді.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. Компанияның 2022 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2. 2022 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы таза табысты бөлу тәртібін және Компанияның бір жай акциясына дивидендтің шамасын бекіту туралы;
3. Акционердің сұранысы бойынша ұсынылатын ақпараттың тәртібі мен құрамы туралы Ережені бекіту туралы.

Осы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2022 жылғы «22» қарашадағы жағдай бойынша жасалады.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы «29» қарашасында оның өткізілетін орны бойынша сағат 12.30-дан 13 сағат 45 минутқа дейін жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда жиналыс қайта сол уақытта және сол мекенжайда «30» қарашада өткізіледі.

Жиналыс материалдарымен 2022 жылғы «24» қарашадан бастап корпоративтік хатшы арқылы танысуға болады (2-қабат 25 кабинет)».

 

 

 

Қоғамның Корпоративтік хатшысы                                          Д. Шанина

БАЙЛАНЫСТАР