050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ директорлар Кеңесі

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ директорлар Кеңесі 2019 жылғы 30 сәуірде 14:00 сағатта мына мекен жайда: Алматы қ., Төле би көшесі, 291/1 өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. Атқарушы органның 2018 жылының өндірістік-шаруашылық қызметі жөнінде есеп беруі туралы;
2. 2018 жыл үшін жылдық қаржы есеп қисабын бекіту туралы;
3. Таза табысты үлестіру тәртібін және Компанияның бір жай акциясына дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
4. Директорлар Кеңесінің 2018 жылында орындаған жұмыстары жөнінде есеп беруі туралы;
5. Директорлар Кеңесінің құрамы туралы;
6. Есеп комиссиясын сайлау және оның өкілеттік мерзімін белгілеу туралы;
7. «2019 жылға «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ қызметінің негізгі бағыттарын» бекіту туралы.

Осы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі а.ж. сәуірдің 22 жағдай бойынша құралады.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу а.ж. 30 сәуірде 12 сағат 00 минуттан 13 сағат 45 минутқа дейін жиналыс өту орнында жүргізіледі.
Кворум болмаған жағдайда жиналыс қайта сол уақытта және сол мекен жайда 02 мамырда өткізіледі.
Жиналыс материалдарымен а.ж. 19 сәуірден бастап танысуға болады.»

БАЙЛАНЫСТАР