050031, Қазақстан Республикасы,
Алматы, Төле би, 291/1
Тапсырыс беруші: «Теңізшевройл» ЖШС.
Мердігер: «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ.
Құрылыс орны: Теңіз кен орны.
Құрылыс мерзімі: 01.12.2016 - 25.10.2019
Жұмыстар көлемі:
Өндіріс басқармасының бірлескен орталығы (ӨББО) -аумағы 6800 т.м. бір қабатты ғимараты, ол жерде өздерінің тікелей басқарушысымен және техникалық қамтамасыз ету қызметкерлерімен 28 басқару пульт операторы орналасады.
Жұмыс режимінде тәулігіне 24 сағат/ аптасына 7 күн.
1. ӨББО ғимаратының құрылысы
2. Механикалық жүйелер монтажы: сақтық әуе жүйелері, химиялық сүзгінің герметизация блогын қосқанда, барлық телімдерге қызмет көрсетуге арналған әуе қондырғылар және ауыспалы әуе көлемімен жергілікті жылыту блоктары; компьютерлік залдарға арналған арнайы әуе қондырғыларымен жабдықталған технологиялық процесстің автоматтандыру жүйесінің серверлік және аппараттық жүйелері; суыту қондырғысы; тоңазытылған суды сақтауға арналған және тарату сорғылары; бірнеше қосымша электрқыздырғыштармен бірге үйлестікте су жылыту жүйесінің монтажы; серверлер мен қуыс еден астындағы кеңістіктің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етуге арналған газдық өрт сөндіру жүйесін орнату; өртке су себетін түтік құбырлары мен қол өрт сөндіргіштерімен барабандарды орнату.
3. Электртехникалық жүйелер: 10 кВ-тан 380В дейін кернеуді төмендетуге арналған, сыртқы қондырғы майға сіңген трансформаторлардың монтажы; бөліп таратқыш қалқандарды орнату; сыртқы қондырғыларға арналған аймақтағы резервтік генераторларды орнату; серверлікке арналған 2 тәуелсіз ҮКБҚ орнату, ғимараттың инженерлік жүйесіне арналған 2 қосымша ҮҚБК орнату; ӨББО ғимаратында барлық жарықтандыру құралдарының монтажы; өрт хабарлағыш жүйесіннің монтажы.
4. Күзет жүйелері мен рұқсат бақылау жүйелері – барлық инфрақұрылым мен бекиікіштердің монтажы. Мердігер қолдауымен Компаниямен жеткізілетін және орнатылатын құрылғылар, камералар, бақылаушылар т.б.
5. АТ жүйелері мен байланыс– ӨББО ғимаратында шоғырсымдық жүйесін төсеуіші, сымсыз жергілікті желіге рұқсат нүктесін орнату және ұялы/ радиобайланыс күшейткіштерін орнату; жер асты кабельдік каналдарды орнату.
6. Автоматтандырудың пульттары мен аппараттық құралдары – берілген жабдықты жүктен босату мен орнату.
7. Дауыс зорайтқыш байланыс / жалпы хабарлау (ДЗБ/ЖХ) – Дауыс зорайтқыштар монтажы мен ДЗБ/ЖХ шоғырсымдар жүйелері.
8. Жалпы мақсаттағы жиһаздар. Толығымен құрастырылған жиһаз Компаниямен беріледі. Орналастыруға сәйкес орналасу, сызбаларда көрсетілген, электрлік жүйелер мен деректерді беру жүйелерініің түпкілікті байланысы.