050006, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, 8 шағын аудан, 4а үй, 4 қабат, «АБАЙ»
«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ Директорлар кеңесі 2024 жылғы 25 сәуірде сағат 14.00-де мына мекенжай бойынша өтетін Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы Жиналысының шақырылатыны туралы хабарлайды: Алматы қ., Төле би көш., 291/1, 6-қабат, конференц-зал.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ-ның ірі мәмілелер жасасуы туралы;
2. «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ-ның Қоғамның мүдделілігі бар ірі мәмілелер жасасуы туралы;
3. МАҚ Директорлар кеңесінің мүшесіне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу мен шығындарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы.
Осы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша жасалады.
Жиналыс қатысушыларын тіркеу ағымдағы жылдың 25 сәуірінде оның өткізілетін жерінде сағат 12.30-дан 13.45-ке дейін жүргізіледі.
Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 26 сәуірде сол уақытта және сол мекенжай бойынша өткізіледі.
Жиналыс материалдарымен 2024 жылғы 15 сәуірден бастап корпоративтік хатшыда (1-қабат, 14-кабинет) танысуға болады.»
Қоғамның Корпоративтік Хатшысы Ю.Духанина